Чилиде орман өрті өршіп барады
Апат салдарынан 24 адам қайтыс болып, 1 мыңға жуығы түрлі жарақат алған.
Демалыс күндері басталған тілсіз жау Тынық мұхитының жағажайларында орналасқан 3 өңірді шарпыды. Президент Габриэль Борич Биобио, Нубле және Араукания аймақтарында төтенше жағдай жариялап отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығы қыруар шығынға батқан. Лапылдаған от 270 мың гектар алқапты күлген айналдырды. Тілсіз жаудың күшеюіне 40 градустық аптап ыстық себеп деп хабарлайды ақпарат көздері. Қазір қауіп төнген жерлерден тұрғындар уақытша орталықтарға көшіріліп жатыр.