Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф дүниеден озды

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф дүниеден озды. Ауыр сыртқатқа душар болған генерал Дубайда 79 жасында көз жұмды.

Мушарраф Пәкістанды 7 жыл басқарған. Билікте отырған кезінде оған 3 мәрте қастандық жасалды. Үкімет импичмент жарияламақ болғанда ол өз еркімен отставкаға кетіп, шетелге қоныс аударған. Генарал 2013 жылы президенттік сайлауға қайта түспек болғанда, қамауға алынды. Бертін келе 2016 жылы босатылып, саясаткер Дубайға қоныс аударған екен. Ал 2019 жылы ол сыртттай өлім жазасына кесіледі, бірақ кейін сот шешімінің күші жойылған.