Дания астанасында мыңдаған адам шеруге шықты

Дания астанасында мыңдаған адам көшеге шығып, наразылық танытты. Шеруге биліктің мемлекеттік мейрамды алып тастау туралы заң жобасын ұсынуы түрткі болды.

Мәселе 1686-шы жылдан бері келе жатқан бір күндік діни мерекеге қатысты болып отыр. Билік мерекені алып тастау арқылы қорғаныс саласын қаржыландыруды ұлғайтуға ниетті. Бірақ елдегі оппозиция пен кәсіподақтар шара мәселені еш шешпейтінін айтады.