АҚШ-тың Огайо штатында адамдар жаппай эвакуацияланды

АҚШ-тың Огайо штатында адамдар жаппай эвакуацияланып жатыр.

ұнда таяуда зиянды заты бар жүк пойызы рельстен шығып, апатқа ұшыраған. Қазір өңірде төтенше жағдай енгізілді. Жақын маңдағы елді мекендерден де тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде. Соңғы деректерге қарасақ, жүк пойызында винилхлорид деген қауіпті зат болған. Апат салдарынан препараттар жан-жаққа шашылып, оқиға орнында өрт басталған. Мамандардың сөзінше, бұл қоршаған ортаға аса қауіпті. Қазір штатта темір жол қатынасы тоқтап тұр.