Еуроодақ Түркия мен Сирияға көмек жіберді

Еуропалық Одақ елдері Түркия мен Сирияда жер сілкініснен ең қатты зардап шеккен аймақтарға құтқарушылар мен құрал-жабдықтар жібере бастады.

Ортақ аймақ Анкараның сұрауымен азаматтық қорғаныс механизімін іске қосты. Еурокомиссия Түркияға көмек қолын созып, төтенше жағдай карталарын жасау үшін "Коперник" жерсерігі жүйесін пайдалануға берді. Брюссель де Сирияға дәл осындай көмек түрлерін көрсетуді бастап кетті.

Балаж Уджвари, Еурокомиссияның баспасөз хатшысы:

- Біз бірқатар еуропалық елдерден 10-нан аса іздестіру-құтқару тобын құрдық. Олардың қатарында Болгария, Хорватия, Чехия, Франция, Греция, Нидерланд, Польша және Румыния елдерінің мамандары  бар. Бұл топтар зілзаладан зардап шеккен аудандарда алғашқы көмек көрсетумен айналысады. Бұдан бөлек Венгрия, Италия, Испания, Мальта және Словакия да өз көмектерін ұсынды. Басқа да қолдау шараларын жүзеге асыру үшін біз Түркия билігімен үнемі байланыстамыз.