Сирияда құрбандар саны 1800-ден асты
Сирияда зілзаладан құрбан болғандар саны 1800-ден асты.
Жарақат алғандар бірнеше мыңға жеткен. Бұл туралы жергілікті билік пен құтқарушыларға сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Жер сілкінісінен көз жұмғандар қатары артуы мүмкін. Өйткені іздеу-құтқару ісі әлі жүріп жатыр.
Бассам Саббаг, Сирияның БҰҰ-дағы елшісі:
- Сирия үкіметі шатыр, азық-түлік, дәрі-дәрмек береміз деген кез келген елге қолдау көрсетуге дайын. Гуманитарлық көмекті Алеппо әуежайын қабылдауға әзірміз. Бұл әуежай зілзала болған жерден 40 шақырымда. Бірақ кез-келген сыртқы көмек Түркия арқылы тікелей кіргізілмей, ресми Дамаскімен келісілуі керек. Бұл егемендік және аумақтық тұтастық мәселесі.