Дегелектер Мадридте ұялайтын болды

Еуропаны мекендейтін дегелектер жыл сайын Африкаға қыстауға ұшып кететін.

Ұзақ жолда Испанияға қонып тынығатын. Алайда соңғы кезде ауа райының жылынуына байланысты біразы осы елде ұялайтын болды. Мадрид шетіндегі шіркеулердің шатырында жүздеген ақ дегелек ұя салды. Ал жақын маңдағы қоқыс үйіндісі, құстар үшін сарқылмайтын азық қорына айналды. Дегелектер қоқыстағы құрт-құмырсқа, кеміргіштермен қоректенеді. Бір қызығы, әдеттегідей ұзақ сапарға шығатын қарлығаштар да Испанияда қалатын болған.