Қазақстандық құтқарушылар жұмысы жалғасып жатыр
Қазақстандық құтқарушылар Түркияда іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Олардың айтуынша, дәл оларға тиесілі үйдің үйіндісінің астында 3 адам қалып қойған. Олар мамандардың шақыруына жауап беріп, су сұрап жатыр. Біздің дәрігерлер тамызғышпен су жіберуге тырысыпты. Тұрғындар үйінді астында 72 сағаттан артық жатып қалды. Айта кетейік, кеше екінші бортпен Газиантеп аймағына тағы 56 құтқарушы жеткізілген болатын. Жалпы Түркияда қазір 100 қазақстандық маман іздеу-құтқару жұмыстарына тартылған.