Канада аспанынан белгісіз объект атып түсірілді
Америка Құрама Штаттарының жойғыш ұшағы Канада аспанындағы белгісіз нысанды атып түсірді.
Бұл осымен оққа ұшқан 4-әуе аппараты. Әзірге олардың кімге тиесілі екені белгісіз. Дегенмен, аппарат сынықтары жиналып, зерденеліп жатыр. Ал АҚШ президенті Джо Байден мен Канада премьері Джастин Трюдо әуе кеңістігін бірлесіп қорғау үшін тығыз байланыста болуға келісті.
Сенбіде АҚШ-тың F-22 жойғыш ұшағы Канаданың әуе кеңістігіндегі белгісіз цилиндр тәріздес аппаратты атып түсірді. Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ел аумағының солтүстігіне құлаған нысанды растап, қазір әскерилер оның қайдан келгенін, қандай мақсатта ұшып жүргенін білу үшін қалдықтарын жиыстырып жатқанын мәлімдеді. Белгілісі, әзірге беймәлім ұшу аппараты азаматтық әуе қозағылысына қауіп төндірген. Демек, жолушылар ұшағының биіктігінде қалықтап жүрген.
Джастин Трюдо, Канада премьер-министрі:
- Біріншіден, канадалықтардың қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз. Сондықтан мен азаматтық авиацияға қауіп төндіретін және канадалықтар үшін қандай да бір қауіпі бар нысанды атып түсіру туралы шешім қабылдадым. Біз әлі де көп нәрсені білуіміз керек. Сол үшін бұл нысанды талдау өте маңызды.
Ал Канаданың қорғаныс министрі Анита Ананд азаматтық әуе қозғалысына қауіп төндірген нысан қай елге тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасаудан бас тартты. Пентагон мәлімдемесі бойынша Байден мен Трюдо өзара сөйлескен соң, АҚШ пен Канаданың әскерилері бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Жалпы F-22 жойғыш ұшағы осымен АҚШ пен Канада аспанында қалықтаған 4-нысанды атып түсірді. Бұл бұрын соңғы болмаған оқиға. Кім, не үшін жіберіп отыр деген сұраққа нақты жауап жоқ. Оның кімге тиеселі екені айтылмаса да, алғашқысы Қытайдың аппараты деп, үлкен мінберден, ірі мәлімдеме жасалған болатын.
Нұрбек Бекен