Түркиядағы қазақстандық құтқарушылар жұмысын жалғастыруда

Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияның қалаларындағы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Олар үйінді астында қалып, қаза тапқан 60-тан астам адамның денесін шығарды. Ал 7 азамат – құтқарылып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Қаһарман Оразалин – ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы:

- Қазіргі уақытта 7 адам құтқарылды. 67 мәйіт шығарылды. 60-тан астам зардап шеккендер мен науқастарға медициналық көмек көрсетілді. Жылыту пункттерінде 200-ден астам адам орналастырылды. Авариялық құтқару жұмыстары жалғасуда.