Испанияда есірткіні пайдаланып жүргендер көбейді

Сату мен сақтауды былай қойғанда соңғы жылдары есірткіге тәуелді адамдар автокөлікке мінуді әдетке айналдырған. Ұлттық полиция мұндай жүргізушілерге салық көлемін арттыруды талап етуде.

Есірткіге есіргендер кез-келген қоғамның қиын тұсы. Дей тұрғанмен Испанияда марихуаны үй және каннабис клубтарда тұтынуға заңмен рұқсат етілген. Бір ғана Барселонада 200 ге жуық каннабис клубы тіркелген екен. Бұл туралы Каталония федералды каннабис қауымдастығы мәлімдейді. Атап өту керек, дәл осы қауымдастық ел аумағындағы каннабис клубтарының жұмыс ережелерін бекітіп келеді. Клубтың әрбір мүшесі жыл сайын шамамен 20 евро салық төлеп, айына 60-90 граммнан аспайтын марихуананы өз басының тұтынуы үшін сатып ала алады. Алайда бұл лимитті асыра пайдаланып, көлік тізгіндейтіндер қатары тиылмай тұр.

Джорди, заңгер:

- Ел ішінде бұл каннабис клубтарын “кофешоп” деп атайды. Үйінде, арнайы клубтарда тыныш отырып, шеге берсін, алайда шөп шегіп-ап, көлік айдайтындарды қатты жазалау керек. Испанияда айыппұл көлемі 1200 еуро, өте аз. Францияда салық көлемі 75 мың еуроға дейін жетеді.

Ұлттық полицияның есебі бойынша өткен жылы 24 мыңнан астам жүргізуші автокөлікті мас күйінде, есірткі тұтынып және куәліксіз тізгіндегені үшін ұсталған. Ең өкініштісі - есірткі шегіп ұсталғандар саны 2019 жылмен салыстырғанда 147 процентке өскен.

Ксавье Андреу, Каталонияның жол көлік бөлімінің басшысы:

- Қандағы алкоголь құрамы 0,60 миллиграммнан аспауы керек, әдетте, мас әрі есірткі шегіп, көлік тізгіндегендер саны пандемиядан кейін тағы артты. Құқықбұзушылық пен қылмыстың арасы алшақ емес, абай болған жөн. Мұндай жауапсыз жүргізушілерді “жолдағы бомбамен” теңестіруге болады.

Марихуананы заңды каннабис клубтарда емес, заңсыз әрі жерасты жасырын орындардан сатушылар саны да артып отыр. Үш күн бұрын азаматтық гвардия қызметкерлері Барселона қаласының тура орталығынан осындай ірі орталықтың заңсыз жұмысын әшкереледі. Операция барысында есірткі саудасымен айналысқаны үшін Британия, Голландия және Ресей азаматы ұсталды. Олар 70 партия есірткі дайындап үлгерген екен, оның ішінде марихуана қосылған 5 000 кәмпит, 12 кг таза марихуана және 6 кг гашиш тәркіленді.  Дәрі-дәрмек әрі кәмпит түріндегі есірткіні жерасты зертхана еуропаның Германия, Франция, Италия, Нидерланды, Португалия и Хорватия елдеріне жылдар бойы тасымалдап отырған.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач