Түркияның Қахраманмараш қаласында 8 тәуліктен кейін екі әйел құтқарылды

Түркияның Қахраманмараш қаласында 8 тәуліктен кейін екі әйел құтқарылды. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлайды. 

Үйінді астында 35 жастағы Айшегүл Байыр 205 сағат, ал 77 жастағы Фатма Гнюгер 212 сағат жатқан. Олар Оникшұбат ауданындағы қиранды астынан табылды. Құтқарушылар оларды шығару үшін 5 метрлік туннель қазған. Зардап шеккендерге сол жерде шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген. Жергілікті құтқарушылар үйінді астында аман жатқандар әлі көп болуы мүмкін деп отыр.