1 млрд доллар: Бразилия биылғы карнавалдан байып қалуы мүмкін
Рио-де-Жанейродағы биылғы карнавалдан ел бюджетіне 1 млрд доллар түсуі мүмкін.
Бұл пандемияға дейін өткен мәдени іс-шара кірісінен 12 жарым есе артық. Алдын ала жасалған деректі Рионың Экономикалық даму хат-шылығы жариялады. Негізі карнавал өткізу Бразилиядағы ең ірі туристік іс-шара. Бір ғана самба биін билеуге, 20 мыңнан астам жұмыс күші тартылады. Биылғы карнавалға 2 миллионнан астам шетелдік келеді, деп күтіледі. Қазірдің өзінде барлық қонақ үйдің 90 пайызы толық. Карнавал ертең басталады.
Ронни Коста, Riotur компаниясының президенті:
- Биылғы карнавал кезінде қонақ үйлер, мейрамханалар мен шарапханалар арқылы бюджетке 1 миллиард доллар пайда түседі деп болжап отырмыз. Осының арқасында көптеген жұмыс орны ашылады. Біз әлемдегі ең атақты ойын-сауық іс-шарасын өткіземіз.