Боливияда денге безгегі таралып барады
Боливияда денге безгегі кең тарап жатыр.
Санта-Крус қаласының ауруханалары індет жұқтырғандарға лық толы. Әсіресе ауруға балалар көп шалдыққан. Бұған дейін, мұндай жағдай тек коронавирус пандемиясы кезінде болған еді. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, госпитальдарда жататын орын тапшы, вирус жұқтырғандардың көбі сыртта орналасқан. Былтыр індет басталғалы дерттен 26 адам көз жұмған. Науқас саны 6800-ден асты. Қазір маса, шыбын-шіркейлердің көп жиналатын жерлерін тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Денге безгегі әдетте адамға жәндіктерден жұғады. Оның негізгі белгілері 14 күннен кейін байқалады. Адамның басы ауырып, құсып, буындары сырқырап, өзін жайсыз сезінеді.