loader


АҚШ Түркияға гуманитарлық көмек көрсету үшін тағы 100 млн доллар бөледі

Бұл туралы осы елге ресми сапармен барған мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді.

Оның айтуынша, Вашингтон санкцияларға қарамастан Сирияға да қолдау көрсетуге ниетті. Бірақ оған соғыстан қирап, бүлінген инфрақұрылым кедергі келтіруде дейді. АҚШ Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен кейін өз құтқарушыларын аттандырып, апаттың салдарымен күреске 85 млн доллар қаржы бөлген болатын.

Энтони Блинкен, АҚШ мемлекеттік хатшысы:

- Мен апат болған аудандарды аралап көрдім. Зілзаланың салдарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғат апатынан ондаған мың адам қаза тауып, миллиондаған тұрғын зардап шекті. Қазір аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Біз түркия мен Сирияға қолдан келгенше көмектесуге дайынбыз.

Сондай-ақ...