Жозеп Боррель Украинаға қолдауды күшейтуге шақырды

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы комиссары ұйым елдерін Украинаға әскери қолдауды күшейтуге шақырды. Бұл туралы Жозеп Боррель Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференцияда мәлімдеді.

Өз сөзінде ол Еуропа маңызды шешімдерді қабылдауда ұйымдасып, тез шешім қабылдау керек деді.

Жозеп Боррель, Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жөніндегі Жоғарғы комиссары:

- Біз Укрианаға әскери көмекті күшейтуіміз қажет. Бұл істе сөзбұйдаға жол бермей, жылдам әрекет етуіміз керек. Себебі қазір Украинаға қолдау өте маңызды.