Бразилияның Сан-Паулу штатында су тасқыны мен лай көшкіні кезінде 36 адам қаза тапты.
Қырықтан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. 2 мыңға жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілді. Толассыз жауыннан, әсіресе Сан-Себастьян мен Бертиога қалалары қатты зардап шекті. Жоталы аумақтарда салынған үйлердің сапасыздығынан адам шығыны көп болды деп санайды жергілікті билік. Қазір апат орындарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
- Жағдай өте қиын. Жолдардың көбінде лай көшкіні жүріп, Сан-Паулуға жете алмай тұрмыз. Ол жаққа қарай бір ғана жол ашық деп естідік. Бірақ ол да қауіпті сияқты.
