ЕуроОдақ Молдоваға арнайы миссия аттандыруы мүмкін

ЕуроОдақ ортақ қауіпсіздік және қорғаныс мүддесі аясында Молдоваға арнайы миссия аттандыруды ойластырып жатыр. Бұл туралы Брюссельде өткен отырыста белгілі болды.

Еуропаның Сыртқы әрекет қызметінің нақтылауынша, мұндай миссиялар азаматтық әрі әскери сипатта болуы мүмкін. Сондай-ақ Еурокомиссия Молдоваға Еуропаның Бейбітшілік қоры арқылы қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұған дейін Кишиневке қауіпсіздік күштеріне демеу білдіру үшін 40 миллион еуро аударылған болатын.