АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-тың Арканзас штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе кемесі «Литл-Рок» әуежайынан аспанға көтерілген бетте құлаған. Ұшақта болған адамдардың барлығы көз жұмды. Әзірге апат себебі белгісіз. Полиция ұшу кезінде бұрқасын болып, жаңбыр жауғанын айтады. Нақты ұйғарым тергеуден кейін белгілі болады.