Түркия мен Сириядағы құрбандар саны 50 мыңнан асты

Түркия мен Сириядағы зілзаладан көз жұмғандар саны 50 мыңнан асты.

Түрік үкіметі 44 мың 374 тұрғынның бақилық болғанын  хабарлады. Іздеу-құтқару жұмысы әлі күнге дейін дамылсыз жүріп жатыр. Оған 8 мыңға жуық құтқарушы тартылған. Ал көршілес Сирияда табиғи апат 7 мыңдай адамның өмірін қиған. Түркия мен Сирияның шекаралас аумағындағы жойқын жер сілкінісі 6 ақпанда болған еді. Осыдан кейін тағы ондаған дүмпу қайталанды.