loader


Польшада қалған көліктер елге жетеді

Қазақстандық 400-ге жуық жүк көлігі Польша аумағынан шыға алмай қалды.

Өйткені Польша үкіметі өз территоиясы арқылы Еуроодаққа мүше елдерден басқа мемлекеттердің жүк көліктері қозғалысына тыйым салған болатын. Шектеу шарасы ақпанның 21-не күшіне енді. Мәселені шешу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көршілес мемлекеттердің құзырлы органдарымен келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде берілген тізім бойынша қазақстандық жүк көліктерінің барлығы Литва арқылы елге оралатын болды. Ал Варшаваның неге мұндай қадамға барғандығы әзірге белгісіз.

Алтай Әлі, ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары:

- Бізде нақты ақпарат жоқ. Өйткені бізге Польшаның құзыретті органдары оның қай күнге дейін, қанша жыл созылатынын ашып айтқан жоқ.

Бізде жалпы 42 елмен бізде ондай келісім бар. Бізде жыл сайын Литвамен рұқсат бланкаларымен алмасамыз. Бұл Литвамен ешқандай мәселе жоқ, Бүгінгі таңда біз алғысымызды білдіреміз, осындай қиын жағдайға түскен кезде өзінің территориясы арқылы бүкіл автокөлікті ұсынған тізім бойынша шығаруға келісімн берді. 

Сондай-ақ...