Испаниядағы елді мекенде баламалы энергияға басымдық берілді
Бұл Барселонадан 132 шақырым қашықта орналасқан Рокаллаура елді мекені.
Тұрғындарының саны 80 адамға да жетпейді. Шағын ауылдың жан-жағында жел станциялары тізіліп тұр. Рокаллаурада өндірілген энергия жақын маңдағы елді мекендерді қуат көзімен қамтамасыз етеді. Жалпы испания еуропа елдерінің ішінде баламалы энергия пайдалануда германиядан кейін екінші орында тұр.
Жуан Родригес, жасыл энергетика нарығының маманы:
- Қазба байлықтарын өндіру тиімсіз әрі алюминий мен цинк сияқты қор азайды. Газдың бағасы жыл сайын шырақтап келеді. Мемлекеттік саясаттың алып бизнестің де жасыл энергияға деген қызығушылығы басым. Ескеретін жайт, баламалы қуат көзіне инвестиция тарту қиын емес, әрі техника да жыл сайын жаңаруда.
Испания 2030 жылға дейін 22 гигаваттық жаңа жел қондырғыларын өндіруді жоспарлап отыр. Қазір жел энергиясы жалпы елдегі энергияның 21,7% пайызын құрайды.
Жуан Родригес, жасыл энергетика нарығының маманы:
- Бізде баламалы жел энергетикасының технологиясы қатты жылдамдықпен жаңарып келеді. Мысалы бұл жердегі қондырғылардың барлығын қашықтықтан отырып бақылаймыз. Жылына екі рет жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Желдің жылдамдығы секундына 3 метрге жеткен бойда, қуат өндіре бастайды.
Ал экобелсенділер болса жел қондырғысына қарсылық акцияларын ұйымдастыруда. Олар “бұл қондырғы желдің бағытын өзгертіп, табиғатқа кесірін тигізеді” деп дабыл қағады.
Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач