Перуде қатты жауын болып, жолдар су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің солтүстік-батысындағы Пьюра қаласында мектептер уақытша жабылды. Синоптиктер тоқтаусыз жауған нөсерге Яку циклоны себеп дейді. Қазір Тумбес, Пьюра және Ламбаек қалаларындағы жағдай қиын. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
