Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық байланыс орнатады

Араға жеті жыл салып, Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынасты жандандыруға келісті.

Алдағы екі ай ішінде екі мемлекет елшілер жіберіп, қайтадан өзара байланысты бекітпек. Бұл уағдаластық Қытайдың ресми өкілдерінің арағайындығымен жүзеге асып отыр. 2016 жылы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа сызат түскен еді. Оған Ирандағы Сауд елшілігіне жасалған шабуылдар себеп болды. Шабуылдар танымал шииттік уағызшы мен шииттік ағымның қырықтан астам өкілі Сауд Арабиясында өлтірілген күннің ертесінде ұйымдастырылды. Өлім жазасына кесілгендердің бәріне  сол кезде террорға қатысы бар деген айып тағылды. 

Сондай-ақ...