loader


Иран билігі 22 мың адамға рақымшылық жарияланды

Иран билігі былтыр күзде наразылық шерулеріне қатысқан тағы 22 мың адамға рақымшылық жариялады.

Бұл туралы осы елдің сот жүйесінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эджей мәлімдеді. Жалпы жергілікті билік тәртіпсіздіктер басталғалы елде амнистияға іліккен азамттардың саны 82 мыңнан асады дейді.

Еске сала кетейік, Иранда толқулар былтыр қыркүйек айында бұрқ ете қалған еді. Оған Махса Амини есімді студент қыздың әдеп полициясының қолынан қаза табуы түрткі болды. Жаппай шерулер қақтығыстарға ұласып, жүздеген адам көз жұмды.

Сондай-ақ...