Оңтүстік Кореяда электромобиль өндірісіне ерекше көңіл бөледі
Корея Республикасы электромобиль өндірісіне ерекше көңіл бөледі.
Қазір олардың саны 254 мыңға жетті. Бұл дегеніміз – көлік нарығының 5 пайызы. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай Кореяда бұл көрсеткіш 12 процентке өсуге тиіс. Болашақтың технологиясы ұсынылған көрмеде бұдан да басқа жаңалықтар көрсетілді.
Электр көліктер үшін акумуляторлар тұрмыстық техникаға арналған кәдімгі батареялардан сәл үлкенірек. Бірақ қуаты әлдеқайда күшті. Сағатына 2,5 ампер. Шаңсорғыштың екі сағат жұмыс істеуі үшін осындай 7 аккумулятор жеткілікті, ал шағын автокөлік үшін 336 батарея керек.
Электромобиль жасаушылар үшін, көліктің жиі отқа орнауы өзекті мәселенің бірі. Көрмеде қызыл жалынды алдын алуға арналған жүйе ұсынылды. Батареяның температурасы 125 градусқа жетсе, көлікті автоматты өшіп қалады.
Ли Дже Ин, аккумуляторды жасайтын компания өкілі:
- Біз батареялар үшін оқшаулағыш материал шығарамыз. Ол көлік жүргізу кезінде аккумулятордың температурасын және автомобиль мен скутерлердің дірілін азайтады.
Өндірушілер электромобиль иелеріне жазғы демалыста пайдаланатын аксессуарларды ұсынды. Мәселен мына адаптер арқылы батареяға шамды, ноутбукты және басқа құрылғыларды қосуға болады. Көрмеде қуаттылығы 250 киловатт жылжымалы және күннен қуат алатын зарядтау станциялары да ұсынылды.
О Силь Мок, зарядтау құрылғыларын жасайтын компанияның бөлім басшысы:
- Бұл күннен электр энергиясын өндіретін, қуаты 350 киловатт, жылдамдығы жоғары зарядтағыш. Оның төбесінде 6 күн панелі бар. Станция бір көлікті 18 минут ішінде 80 пайызға дейін зарядтай алады.
Сеулде өткен көрмеде электр көліктерді қуаттайтын әлемдегі алғашқы автономды робот көрсетілді. Құлтемір электрмобильге қажет қуат беріп қана қоймай, оның техникалық жағдайын да тексере алатын мүмкіндікке ие.
Авторлары: Влдадислав Цой, Ольга Лян