Бангладеште ірі жол апаты болды

Адамға лық толы автобус жол жиегінен шығып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 17 адам қаза тапты. 20-дан астамы түрлі жарақат алды. Автобус елдің оңтүстік-батысындағы Кхулна  қаласынан ел астанасы Даккаға бара жатқан екен. Болжам бойынша, жүргізуші жылдамдықты асырып, тізгінге ие бола алмай қалған.

Айта кетейік, Бангладеште соңғы кездері жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Бұған қозғалыс ережелерінің сақталмауы, өрескел жүргізу және жылдамдықты асыру себеп. Жыл сайын жол апатынан елде 8 мыңдай адам көз жұмады.