Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде Наурыз мерекесі атап өтілді

Іс-шараға Қытайда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, студенттер, сондай-ақ Бейжіңдегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елші Шахрат Нұрышев өткен жылға алғысын білдіріп, жаңа жылға тілегін айтты. Мерекелік шара концертпен жалғасты. Кәсіби әртістер, оқушылар мен қазақ балабақшасының тәрбиеленушілері өнер көрсетті. Қонақтар ұлттық астан дәм татты.

Назгүл Назарбекова, «Балдырған» балабақшасының директоры, Бейжің қаласы:

- Иә, міне, бүгін осындай үлкен Наурыз мерекесі, осы Қытайдағы Қазақстан Елшілігінде үлкен Наурыз мерекесі болып жатыр. Осы мерекеге біз «Балдырған» балабақшасы балаларының өнерін алып келдік. Олар би дайындап, ән шашу және де көрмелер қойып, осындай өнерлерін көрсетті. Осының барлығы өсіп келе жатқан ұрпаққа бір өнеге деп ойлаймын. Осыны көріп өскен балалар сондай Отан сүйгіш, ұлтжанды, өзінің елін сүйетін мықты, өнегелі азаматтар өсіп шығады деп ойлаймын.

Нұрболат Атаухан, Қытай Орталық ұлттар университетінің студенті:

- Орталыққта болып отырғаннан кейін барлық қазақ бауырлар, сосын басқа ұлттың достары мерекені бірге тойлап, барлығымыз көңілді болып отырмыз. Наурыз мереке деген мен үшін алып айтқанда, бір жаңа жылдың бастамасы, жаңа жылда жаңа табысқа, сосын барлық аға-бауырлар бірліктей отырып, тамақтан ауыз тиіп, сосын өзінің көңілдегі ішкі сезімдерін атқаратын мереке деп ойлаймын.