Францияда ереуілдер тыйылмай тұр

Францияда ереуілдер тыйылмай тұр

Францияда ереуілдер тыйылмай тұр. Жиналғандар қоқыс жәшіктерін өртеп, полицияға тас лақтырды.

Тәртіп сақшылары оларға көз жасаурататын газ пайдаланып, су шашқан. Мұндай ереуілдер елдің басқа да ірі қалаларында өтті. Халық осылайша зейнетақы реформасына қарсылық білдірді. Өзгерістерге сәйкес, зейнетке шығу жасы 64-ке дейін ұзартылған. Шеру кезінде 120-дан астам полиция қызметкері жарақаттанып,  80-ге жуық адам қамауға алынды.