Испанияда орман өртінен халық эвакуацияланды

Испанияның Валенсия аймағында орман әлі өртеніп жатыр.

1500 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Өткен бейсенбі күні басталған жалын 3 мың гектар жерге таралып, оншақты елді мекен жапа шекті.  Тілсіз жаумен жүздеген өрт сөндіруші күресіп, тікұшақтар қолданылып жатыр.

-Орман өртеніп жатқанын кеше естіп, қатты қорқып кеттім. Ол жақта менің отбасым тұрады. Қазір өрт сөндірушілер қалаға қарай жылжыған беттеген жалынды ауыздықтап, көңіліміз біраз тынышталды. 

Биыл Еуропаның оңтүстігінде қар мен жаңбыр әдеттегіден аз жауған. Мамандар бұл былтырғыдай орман өртінің жиілеуіне әкелуі мүмкін дейді. Өткен жылы кәрі құрлықта жалын 800 мың гектар алқапты күлге айналдырған.

Сондай-ақ...