Еуропа банктерінің акциялары арзандады

Кеше Еуропаның қор биржаларындағы саудада кәрі құрлық банктерінің акциялары едәуір құлдырады.

Оған "Дойче банк" акциясының 10 пайызға арзандауы түрткі болды. Жағдайға АҚШ-та 2 ірі банктің банкротқа ұшырауының салдары әсер еткен. Дегенмен, Еуроодақ басшылары 2008 жылғы қаржы дағдарысы қайталанбайды сендіріп отырып. Брюссельде өткен 2 күндік саммитте аймақта Еуропалық банк одағын құру жайы талқыланды. Жоба компанияларға несие алуды жеңілдетуге бағытталған.

Олаф Шольц, Германия канцлері:

- Біз Еуропаның қаржы жүйесі мен банк саласы өте тұрақты деп айта аламыз. Соңғы жылдары қолға алынған шаралардың арқасында аймақтағы қаржы ұйымдарының әлеуеті артты. "Дойче банк" өз бизнесін қайта құрылымдап кірісі жоғары компанияға айналды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ.