Гондурас Тайваньмен арадағы дипломатиялық қатынасын тоқтатты

Елдің Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасын ғана заңды билік деп танитынын атап өтті.

Бұған дейін Гондурас Президенті Сиомара Кастро Бейжіңмен байланыс орнатуға дайын екенін айтқан болатын. Ізінше тараптар диломатиялық қатынас орнатты. Екіжақты байланыс туралы келісім бекітілді. Ал мұнан кейін Тайваньның сыртқы саясат басқармасы Гондураспен дипломатиялық қатынасын үзіп, бұл елде елшілігінің жабылатынын мәлім етті.