Террорлық ұйым Кабулдегі жарылысты мойындады
"ДАИШ" Кабулда болған жарылысты өз мойнына алды.
Лаңкестік ұйым мәлімдемесін "Туиттердегі" парақшасында жариялаған. Ауғанстанның Сыртқы істер министрлігінің жанында жанкешті жасаған жарылыстан 6 тұрғын ажал құшты. Құрбандар арасында 1 бала бар. Тағы бірнеше адам жарақат алған. Олардың үшеуі "Талибан" сарбазы. Сарапшылар бұл Сыртқы істер министрлінің жанында биыл жасалған екінші ірі лаңкестік шабуыл деп бағалады.
- Жарылыстан жазықсыз жандар қырылды. Жарақат алғандар да көп. Оларды жедел жәрдем көлігі ауруханаларға алып кетті. Бұл қасірет қашан тоқтайды екен?!