Бразилияда оқушы мұғалімін мерт қылды
Бразилияда жантүршігерлік оқиға болды.
Сан-Паулу қаласында 13 жастағы оқушы мұғалімін пышақтап өлтірді. Жеткіншіктің қолынан тағы 3 ұстазы мен 2 сыныптасы жарақат алған. Көз жұмған әйел мұғалімнің жасы 71-де екен. 5 жерінен пышақ сұғылған ол ауруханада қайтыс болды. Бірнеше ересек баланы ұстап алып, полицияға тапсырған. Әзірге оның не үшін шабуыл жасағаны түсініксіз. Сан-Паулуда 3 күн қаралы деп жарияланды. Тергеу жүріп жатыр.