loader


Сомали тұрғындары қуаңшылықтан зардап шегіп отыр

Рамазан айында ораза ұстаған жұрт аптап ыстықтан әбден әбігерге түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоқшылыққа тап болған халық ауызашардағы тегін тамаққа қарап отыр. Азық-түліктің бағасы өсіп, аш құрсақ жүргендер көбейген. Былтыр құрғақшылықтан Сомалиде 43 мың адам қаза болды. Көз жұмғандардың жартысы – 5 жасқа жетпеген балалар. 

Хадик Мұхамед, жергілікті тұрғын:

- Былтыр Рамазан айы жақсы өткен еді. Биыл қымбатшылық қысып тұр. Тамақ жетпейді, балалар аш жатады. Мына лагерьде ыстық тамақ береді, соның арқасында күн көріп жүрміз. Жолдасымның тапқан нәпақасына аздап азық-түлік аламыз.