Канадада табиғат тосын мінез көрсетті

Елдегі ең ірі Торонто қаласында бір мезетте найзағай ойнап, жапалақтап қар жауып жатыр. Сондықтан мамандар мұны ерекше табиғи құбылыс деп бағалады.

Негізі мұндай жағдай биыл қыста да болған. Күн жылынып, көктем басталғалы екінші рет қайталанып отыр. Әзірге қардың қалыңдығы өте жұқа, бірақ метеорологтар ақ ұлпа ертеңге дейін жауады дейді.