Колумбияда жасақшылар әскерге шабуыл жасады

Колумбияда Ұлттық азат ету әскерінің жасақшылары елдің қарулы күштеріне шабуыл жасап, 9 сарбазды ажал құштырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл үкімет пен осы заңсыз жасақ арасында өтіп жатқан бейбіт мәмілеге қауіп төндірді.

Өткен жылы Венесуэлада осы келіссөздердің бірінші кезеңі өтіп, тараптар атысты тоқтату туралы келіскен еді. Биыл Мексикада аталмыш бастаманың екінші кезеңі басталған болатын. Колумбиядағы радикалды солшыл, оңшыл жасақтардың, есірткі мафиясының және елдің қарулы күштері арасындағы қақтығыс 1960 жылдан бері жалғасып келеді. Осы уақыт аралығында 450 мыңдай адам қаза тауып, 6,5 миллионы туған жерін тастап, босып кеткен.