Жапонияда жыл сайын 500-ге жуық мектеп жабылады
Жапонияда жыл сайын 500-ге жуық мектеп жабылады. Бұл жергілікті биліктің келтірген деректері.
Себебі оқитын бала жоқ. 2002-2020 жылдары ел бойынша бас-аяғы 9 мың білім ордасы есігіен біржола жапқан. Сарапшылар туу көрсеткішінің тым төмендеп кетуі, мектептердің жаппай жабылуын тездетті дейді. Мәселен, 5 мың халқы бар Тенг-эй ауылындағы оқу орындарының азаюы, осы жердегі танымал тау шаңғы курортының жұмысына қиындық келтіруде. Соңғы деректерге қарасақ, былтыр елде туу көрсеткіші 800 мыңға дейін түсіп кеткен. Бұл 8 жылдағы рекордтық төмен деңгей. Осы ретте, үкімет басшысы Фумио Кисида бұл мәселеге қатысты алаңдаушылық білдіріп, жағдайды жақсарту үшін балаларға бөлінетін бюджет екі есе өсетітін жеткізді.