АҚШ Сауда министрлігі касперскийге қатаң шара қолданбақ

АҚШ Сауда министрлігі «Касперский зертханасына» қарсы қатаң шаралар қолданатын болды.

Қазір киберқауіпсіздікпен айналысатын ресейлік компания – "Касперский"-дің антивирустық бағдарламаларына тыйым салу бойынша қатаң шаралар дайындалып жатыр. Өйткені ресейлік өнім АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі ықтимал. Оны мемлекеттік мекемелерде, мердігер компанияларында пайдалануға тыйым салынды. Дегенмен Касперскийдің антивирустық бағдарламасының бүкіл әлем бойынша, соның ішінде АҚШ-та жүздеген миллион тұтынушысы бар. Қатаң шаралар қытайлық технологиялық компанияларға соның ішінде TikTok-қа да  қатысты.