Оңтүстік Кореяда «Әй, Итэвон» акциясы басталды
Сеулдегі Итэвон ауданы естеріңізде болар?! Былтыр 29 қазанда Хэллоуин мерекесі кезінде жұрт жаппай қыспақта қалып, 159 адам мерт болған.
Солардың арасында қазақстандық Мәдина Шерниязова да бар болатын. Содан бері бұл аймаққа туристер бармайтын болған. Барса да некен-саяқ. Кейбір дүкендер мен ойын-сауық орындары жабылған. Енді Кореяның Шағын, орта бизнес және стартаптар министрлігі «Әй, Итэвон» акциясының басталғанын жариялады. Онда түрлі фестивальдар, көрмелер өткізеді.Көрсетілетін қызметтерге жеңілдіктер бар. Науқанның бірін шағын, орта бизнес министрі өзі бастап кетті. Ол Итэвон мейрамханасының бірінде кешкі ас ішіп, Сеул мэрін өзінен үлгі алуға шақырды. Корея астанасында атақты суретшілер мен танымал тұлғалардың суреттер мен фото көрмесі өтіп жатыр.
Ли Ен, Корея ШОБ және стартаптар министрі:
- Наурыз айынан бастап шағын, орта бизнес және стартаптар министрлігі, кәсіпорындар мен саудагерлер бірігіп, ауданды жандандыру үшін «Әй Итэвон» жобасын бастады. Бүгінгі шара бір реттік шара емес, біздің министрлік оны жалпыұлттық науқанға айналдырып, мамыр айында да фестиваль өткізеді.
Ю Тэ Хек, Итэвон Арнайы туристік аймақ ассоциациясының вице-президенті:
- Бүгін көрмеге көп адам келген кезде бізде үлкен үміт пайда болды. Жақында сату көлемі 30-40%-ға өсті. Жұмыс күндері келушілер аз, көбі демалыста келеді. Бірақ, Итэвондағы мекемелердің 100% жұмысын қайта бастады.