Жапонияда азық-түлік қымбаттады
Жапонияны қымбатшылық жайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің Ішкі істер және коммуникация министрлігі Токионың 23 ауданында баға 3,2%-ке өскенін хабарлады. Жыл басынан бері 14 мыңнан астам тауар құны артқан. Осы айда барлық супермаркеттер азық-түлік бағасын көтерген. Қымбатшылық қызмет көрсету саласына кері әсеріп тигізіп жатыр. Аквариумдар мен хайуанаттар бағы да билет бағасын өсірді.