Германияда соңғы АЭС жабылады
Бүгін Германияда соңғы үш атом электр станциясы жабылады.
Бұл ядролық энергиядан бас тартуға бағытталған жалпыұлттық бағдарлама аясында жүзеге асырылып отыр. Германия осыдан 11 жыл бұрын атом электр станцияларынан бас тартқан болатын. Бұған Фукусимадағы апат себеп болды.
Бірақ станциялар орналасқан қала тұрғындары бұған қарсы. Өйткені олар жоғары жалақыдан және жұмыс орындарынан айырылады. Билік өкілдері болса айналасына қауіп төндіретін станциялардың орнына жаңғыртылатын қуат көздеріне басымдық беру қажет дейді. Жалпы елде бұған дейін 22 атом электр станциясы жұмыс істеген.
Казимир Бур, Қоршаған орта институтының энергетикалық саясат жөніндегі кеңесшісі:
- Германияда электр қуатының өндірісіне атом станцияларының қосқан үлесі аз. Өткен қыста соңғы үш станциямыз тек 5 пайызын берген.