Испанияда спортшы үңгірде тұрудан рекорд жасады

Испан спортшысы Беатрис Фламини бір жарым жыл бойы үңгірде өмір сүріп, әлемдік рекорд орнатты.

Ол 70 метр тереңдікте жалғыз болған. Беатрис 2021 жылдың жиырмасыншы қарашасында үңгірке кірген. Мақсаты өз күші мен жүйкесін тексеру болған. Сыртқа шыққанда оны достары мен жақындары қарсы алды. Үңгірде болған кезде мамандар бейнекамералардың көмегімен Беатристің денсаулығын бақылап тұрды. Тамағы мен суын да қашықтан жеткізіп тұрды.