Францияда атышулы заң бекітілді
Францияда халық тағы жаппай шеруге шықты. Оған Конституциялық кеңестің зейнеткерлік заңды бекітуі түрткі болды.
Парижде шерушілер қала мэриясының алдына жиналып, биліктен заңды кері қайтаруды талап етті. Кәсіподақтар жұмысшыларды жаппай ереуілге шақырып жатыр. Бейбіт басталған шеру соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Ал конституциялық кеңес реформа елдің ата заңына сәйкес жасалып отырғанын айтады. Францияда бұл заң жобасына қарсы наразылық бірнеше айдан бері жалғасып келеді. Тұрғындар зейнеткерлік жасты 62-ден 64 жасқа дейін ұзартуға үзілді-кесілді қарсы. Бірақ үкімет оны өткен айда парламенттің талқылауынсыз қабылдаған болатын.
Софи Бинет, CGT кәсіподағының басшысы:
- Біз күресімізді жалғастыруымыз керек. Себебі Конституциялық кеңес халықтың бұл реформаға наразылығына қарамастан оны бекітіп отыр. Кеңес тіпті ондағы 6 тармақты кері қайтарып заңды тіптен нашарлатып тастады. Халықты мамырдың 1-і күні жаппай шеру өткізуге шақырамыз.