Жапонияда біреулер премьер-министрді жарып жібере жаздады

Жапонияда Премьер-министр Фумио Кисида халық алдына шығып сөз сөйлей бергенде жарылыс болды.

Оқиға Сайкадзаки қаласында орын алды. Ақпаратқа қарағанда белгісіз ер адам саясаткерге қарай түтіндегіш құтыны лақтырған. Полиция оны ұстап алып, үкімет басшысын жедел қауіпсіз жерге алып кетіп үлгірген. Оқиға кезінде шараға қатысушылар да жапа шекпеген. Естеріңізде болса, былтыр шілде айында Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге қастандық жасалып, ол алған жарақатынан көз жұмған болатын.