Үндістанда көпір апатынан 70 адам жарақат алды

Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында көпір құлап, 70-тен аса адам жарақат алды.

1 кішкентай қыз көз жұмған. Тағы 10-ға жуық адам ауыр халде жатыр. Оқиға көктемгі астық жинау мерекесі кезінде болған. Көпір тойға жиналған қалың нөпірдің салмағына шыдас бермей, құлап қалған.

Ашок Кумар, тұрғын:

- Мен ғибадатханаға кіріп шыққан соң көпір арқылы өзеннің екінші бетіне қарай өтіп бара жатқанмын. Оның үстінде адам көп болды. Бір кезде көпір опырылып құлап түскенін көрдім.

Прикшат Сингх, Удхампур округін дамыту кеңесінің мүшесі:

- Бұл жергілікті биліктің салғырттығы. Ол жерге өте көп адам жиналған. Егер олар көпірдің екі шетіне полицейлерді қойса мұндай оқиға болмас еді.