Дубайда шетелдіктер тұратын үйдің өртінен 16 адам қаза тапты

Дубайда көп қабатты үй өртеніп, 16 адам опат болды.

Тағы тоғызы жарақат алған. Алдын ала мәлімет бойынша, бесқабатты ғимаратта шетелдік жұмысшылар тұрып жатқан екен. Оттың шығуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған. Жалпы Дубайда үйлерде өрт шығу деректері көп. Тіпті бдан 5-6 жыл бұрын арнайы ереже бекітіп, құрылыс талаптарын күшейткен еді.