Иорданиялық әйел тамақ қалдықтарынан сән бұйымдарын жасайды

Иорданиялық әйел тамақ қалдықтарынан сән бұйымдарын жасайды.

Батул есімді тұрғынның компаниясы пияз, апельсин мен киви қабығын қолданады. Кейіннен 3Д принтердің көмегімен олардан киім өндірісіне қажетті мата немесе әшекейлер жасайды. БатУл өз тауарларын Еуропа мен Дубайда өткен көрмелерге жиі қойып тұрады.

Батул Алрашдан, биотехнологиялық компанияның негізін қалаушы:

- Киім жасап шығаруда пластиктің көп қолданылатынын бәріміз де жақсы білеміз. Ал кейбіреулер оның қоршаған ортаға зияны туралы ойланбай жатады. Сондықтан мен бір оқпен екі қоянды атуды ұйғардым. Яғни тамақ қалдықтарының көзін жоямын және экологиялық таза мата өндіремін.