Иранда украиналық ұшақты атқан әскерилерге үкім шығарылды

Иранда 2020-шы жылы украиналық жолаушылар ұшағын атып түсірген әскерилерге үкім шығарылды.

Сот әуе қорғанысына қарсы зымырандық жасақтың командирін 13 жылға, қалған 9 сарбазды 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырды. 2020-шы жылдың 8-ші қаңтарында Тегеран түбінде Киевке қарай ұшып шыққан украиналық "Боинг -737" ұшағы атып түсірілген еді. Әуе лайнерінде болған 176 жолушының барлығы қаза болды. Оқиға АҚШ пен Иран арасындағы қатынастың ушығып, әскери қақтығыс қауіпі төніп тұрған жағдайда болды. Сол кезде Иран өкілдері, ұшақты АҚШ әскерилері атып түсірді деген болжам жасаған еді.