Британия премьер-министрі Риши Сунакқа қатысты тергеу басталды

Ұлыбританияда Премьер-министр Риши Сунакқа қатысты тергеу бастады.

Мәселе үкімет басшысының жұбайы Акшата Муртидің кәсібіне байланысты туған. Мәліметке қарағанда оның үлесі бар компания бірқатар іс бойынша үкіметтен жеңілдік алған көрінеді. Ерлі-зайыпты бұл туралы парламенттің қадағалаушы органына айтып ескертпеген.